Алматыда тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға бағытталған іс-шара өтті

polisia.kz
polisia.kz

Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға және азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған «Тұрмыс-Отбасы» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есепте тұрған отбасыларды аралап, қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмек көрсетуде.

– Сізге немесе сіздің жақындарыңызға қолдау қажет болса, шетте қалмаңыз – көмек сұраңыз! Отбасыдағы қауіпсіздік – қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан.

Спикердің айтуынша, іс-шараны жүзеге асыруға құқықтық және психологиялық көмек көрсететін сенім телефондары жұмыс істейтін дағдарыс орталықтары да белсенді түрде атсалысып жатыр.

Дағдарыс орталығының телефон нөмірлері: – «Родник» ҚҚ – 396-19-38; – «Жан-Сая» ҚМУ – 150 (анонимді, 24 сағат) немесе 8 777 225 53 26.

Оқи отырыңыз: «Бюджет қаржысына сатып алынған бір сотық жер де жекеменшікке өтпейді» – Ерболат Досаев

Новости партнеров