Жоспардан тыс тексеру барысында құрылысқа рұқсат беру құжаттар пакеті жоқ екені анықталды
Сот шешімі бойынша Медеу ауданындағы 3-көше, 12-учаске бойына салынған нысанды бұзу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоспардан тыс тексеру барысында құрылысқа рұқсат беру құжаттар пакеті жоқ екені анықталды.
Нәтижесінде меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданды.
Меншік иесі нұсқаманың талаптарын орындамағандықтан, бұзу туралы талап арыз аудандық сотқа жіберілді.
2024 жылғы 7 ақпанда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. 2024 жылғы 27 мамырда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Нысан қаланың Әділет департаментінің қатысуымен бұзылып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысты бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 67 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған.
Оқи отырыңыз: Алматыда есірткі жарнамалары жойылды