1-29 наурыз аралығында әлем мұсылмандары ораза ұстап, 30 наурызда Ораза айт мейрамын тойлайды
Жақында Қасиетті Рамазан айы басталады, бұл - ораза, құлшылық және рухани тазару уақыты, деп хабарлайды Almaty.tv.
1-29 наурыз аралығында әлем мұсылмандары ораза ұстап, 30 наурызда Ораза айт мейрамын тойлайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Оспан өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді.
"Рамазан - сабыр, игі істер және рухани кемелдену айы. Ораза – тек тамақ пен судан тыйылу емес, жан дүниені тазартып, нәпсіні тәрбиелеу", – деді имам.
Оның айтуынша, қаладағы барлық мешітте тарауих намаздары оқылып, Құран хатым түсіріледі.
Имам кәсіпкерлерге үндеу жасап, Рамазан құрметіне әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын 10 пайызға төмендетуге шақырды. Сонымен қатар, тұрғындарға қасиетті айда ішімдік сатудан және ішуден бас тарту ұсынылды.
Оқи отырыңыз: Рамазан айы: Алматыда қандай қайырымдылық іс-шаралар өтеді