Белгілі актер мен оның музыкант әйелі үйінен өлі табылды

Мира Байбек
Стив Границ/WireImage/Getty Images
Стив Границ/WireImage/Getty Images

Полиция оқиға орнынан қылмыстық айғақтар таппады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Оскар» сыйлығының екі дүркін иегері Джин Хэкман мен оның әйелі Санта-Федегі үйінде өлі күйде табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Еуроньюске» сілтеме жасап.  

Полиция оқиға орнынан қылмыстық айғақтар таппады.  

Әйгілі америкалық актер, 95 жастағы Джин Хэкман мен оның әйелі пианист Бетси Аракава Нью-Мексико штатының Санта-Фе қаласындағы тұрған.

Жергілікті полиция хабарлауынша, сәрсенбі күні түстен кейін ерлі-зайыптылар мен олардың иті өлі  табылған.

Санта-Фе шерифінің кеңсесі олардың денесінен ешқандай зорлық-зомбылық белгісін таппаған.

«Біз қандай да бір қылмыс белгісі бар деп ойламаймыз, дегенмен өлімнің нақты себебі әлі анықталған жоқ»,- делінген полиция хабарламасында.

Қазіріг кезде бұл іске қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті.

Оқи отырыңыз: Жапонияда бала туу көрсеткіші 120 жыл бұрынғы деңгейге құлдырап кеткен

Новости партнеров