Алғашқы көмек көрсету орталығы сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Алматыда жануарларға арналған жедел ветеринарлық көмек қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандар зардап шеккен жануарларға жәрдем беріп, арнайы клиникаларға жеткізуді міндетіне алады. Олар "Егер, көшеде жол апатынан метіккен немесе ауыр жарақат алған жан-жануарды байқасаңыз, ветеринарлық қызметті көмекке шақырыңыз" дейді. Ал ол үшін азаматтар 109 нөміріне қоңырау шалуы қажет.
Айта кетейік, алғашқы көмек көрсету орталығы сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
«Ветеринарлық көмекті Қазақстан бойынша бірінші рет қолға алуда. Бізде 2 бригада, 6 маман бар. Олар – 2 жүргізуші, 2 фельдшер және 2 дәрігер. Сонымен қатар уақытша ұстау пунктінде 4 фельдшер мен бөлім басшысы бар, – деді Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Омаров.
Оқи отырыңыз: Жауын-шашын: Алматыда 46 жедел бригадасы жұмыс істейді