Алматыда жол сапасына қатысты оқыту семинары өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің Алматы қалалық филиалының ұйытқы болуымен оқу-семинары өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл жол құрылысындағы нормативтерге бірнеше өзгерістер енгізілді. Жаңашылдықты мегаполистегі жолшыларға жеткізу мақсатында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы қаласында оқыту семинарын ұйымдастырған. Оған қалалық мобильдік басқарма мен Алматының сегіз ауданы әкімдіктері қатысты. 

Жиынның мақсаты – қатысушыларды кәсіпорынның қызметтік бағыттарымен кеңінен таныстыру, жол жөндеу жұмыстарындағы шешуші факторларды сараптау және тәжірибелік ұсыныстар енгізу. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, аймақтағы жол инфрақұрылымын дамыту мен жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Жол құрылысы саласындағы жаңашылдықтар сөз болып, өзгерістерге түсініктеме берілді. 

Мекеменің орталық аппаратынан арнайы келген мамандар туындаған сұрақтарға жауап беріп, автомобиль жолдарын пайдалану кезінде ведомстволық сараптама, диагностикалау, паспорттау және жол сапасын бақылау мәселелері кеңінен баяндалды. Кемшіліктерді дер кезінде анықтау және ақауларды уақытылы жою туралы да мағлұмат берді. Сонымен қатар, орталық жобасы саналатын "КazRoadLab" автоматтандыру жүйесінің жұмысы пысықталды. 

“Нормативте жол салушы мердігердің міндеттері, техникалық қадағалаушының қызметі, тапсырыс берушінің құзыретіне қатысты бірқатар өзгерту енгізілген. Яғни, әр тарапқа жауапкершілік жүгі арта түскен. Әсіресе, жаңадан салынған жолды қабылдап алу кезінде тапсырыс берушілер де норматив талаптарын ескеруі тиіс" -  дейді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Алматы филиалының директоры Мәулен Әліпов. 

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жол инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға және елдегі автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға ықпал ететін бірегей кәсіпорын болғандықтан, жолшылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері тығыз әріптестік қарым-қатынаста болуы – аса маңызды. 

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

Новости партнеров