Былтыр елімізде 75 оқиғасы тіркелген
Маңғыстаудың Боранқұл стансасында теміржолды кесіп өтпек болған ер адамды пойыз қағып кетті. Оқыс оқиға 28 ақпанда сағат 21:46 шамасында болған. «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір оның жағдайы ауыр. Осыған байланысты сала мамандары теміржол бойында қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды сұрайды. Былтыр елімізде 75 оқиғасы тіркелген. Оған теміржол өткелдерін кесіп өту ережесінің бұзылуы, мас күйде болу, құлаққап киіп өту және суицид жасау себеп болған.
«Биыл 28 ақпанында Маңғыстау облысының Опорная станциясында темір жол құрамының қозғалысы басталған сәтте адамды қағып кету фактісі тіркелді. Адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан темір жол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану қағидаларын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші одан әрі медициналық мекемеге жеткізілді. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», – деді көліктегі Полиция департаменті маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Бақтияр Асқаров.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында бір отбасы газдан уланып қайтыс болды