Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері 2 миллиард теңге жымқырған

Қаржы мониторингі агенттігі оларды қамауға алып, сотқа дейінгі тергеуді бастады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада сот сараптамалары орталығының қызметкерлері бюджет қаражатынан 2 миллиард теңге жымқырған. Қаржы мониторингі агенттігі оларды қамауға алып, сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Агенттіктің дерегінше, 2023–2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтау үшін бюджеттен 10,3 миллиард теңге бөлінген. Алайда орталықтың лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын-ала келісіп, жалған коммерциялық ұсыныстар жасап, жабдықтардың құнын үш есе көбейтіп көрсеткен. Күдіктілер мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбай тұрып, техникалық сипаттамаларда тек өздері танитын компаниялар ұсына алатын жабдықтарды көрсеткен.

 «Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілеу мақсатында құны 115 миллион теңгеден асатын Алматы қаласындағы 2 жер телімі, Астана қаласындағы пәтер және RAV 4 автокөлігіне тыйым салынды. Сонымен бірге банк есепшоттарындағы 1,6 миллиард теңге, 367 мың АҚШ доллары және 366 мың еуро сомасындағы компанияның ақша қаражаты бұғатталды, – деді ҚР ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

Новости партнеров