Шымкентте абданды сатпақ болған зейнеткер айыппұл арқалады

Айыпталушы сотта кінәсін мойындап, жеңілдік сұраған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте абданды сатпақ болған зейнеткер айыппұл арқалады. Ол тыйым салынған жануар төлін әлдекімнен сатып алып, үйінде заңсыз асыраған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кейіннен оны базарлардың бірінде саудаламақ болған. Айыпталушы сотта кінәсін мойындап, жеңілдік сұраған. Дегенмен, ол 1 млн теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелді.

«Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, жануарлар ұстау қызметімен айналысу құқығынан 1 жыл мерзімге айырылды. Оған 300 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деді Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстанның заңнамасына сәйкес, сирек кездесетін немесе «Қызыл кітапқа» енген жануарларды тұрғынжайда асырғауға тыйым салынады.

Оқи отырыңыз: Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері 2 миллиард теңге жымқырған

Новости партнеров