Олардың қатарында спортшылар, дәрігерлер, мұғалімдер, психологтар мен қайырымдылық қорының өкілдері бар
Алматыда елдің дамуы мен халықтың игілігі жолында аянбай тер төгіп жүрген тұлғаларға «Алтын адам» сыйлығы табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаланың 60-тан астам тұрғынының қажырлы еңбегі еленіп, мәртебелі марапатқа ие болды. Олардың қатарында спортшылар, дәрігерлер, мұғалімдер, психологтар мен қайырымдылық қорының өкілдері бар. Аталған кеш мерекелік концерттен басталып, арнайы сыйлықты салтанатты табыстау рәсіміне ұласты.
«Соңғы трендке кіріп жатқан доула маманымын. Ол – жүкті аналарға, босанатын аналарға көмек беретін маман. Осы қызметте жүргеніме 32 жыл болды. Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын! Құрметке бөлене берейік!» – деді перинаталды психолог Айман Байтұрсынова.
Оқи отырыңыз: Елімізде 30 мыңға жуық мопед тіркелді