Алтын-Емел ұлттық паркінде екі арланын ерткен қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алтын-Емел ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен хабарлағандай, "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері Қазақстанның Қызыл кітабына енген қар барысын екі арланымен бірге тіркеді.

"Бірегей суреттер қазан айында парктің аумағына орнатылған фототұзақтардың көмегімен алынды. Қар барысының болуы жабайы табиғатты сақтауға қолайлы жағдайлардың бар екенін және парктің жүргізіп жатқан табиғатты қорғау шараларының тиімділігін растайды", - дейді мамандар.

Бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Шарын аумағында Қызыл кітапқа енген жануар алғаш рет фототұзаққа түсіп қалды

Новости партнеров