Анасына бауырын берді: Түркістан облысында күрделі ота сәтті аяқталды

Өңірде әлі де 100-ден аса науқас аталған операцияны күтіп жүр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірде 48 жастағы әйелге туған қызының бауырын салған. Күрделі ота 6 сағатқа созылып, сәтті аяқталған. Ал операцияға Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми-хирургия орталығының профессоры, академик Болатбек Баймаханов жетекшілік еткен. Қазір бауырының жартысын берген 19 жастағы бойжеткен мен анасы дәрігерлердің бақылауында.

"Ауыр жағдайда болды. Сап-сары болып кеткен болатын. Құдайға шүкір, қазір жағдайы қалыпты. Бұл ота туралы естіген сәттен бастап екінші мүмкіндік оянды. Маманы көндірдік. Осы жаққа келіп толық консультациядан өттік. Толық медициналық тексерістен өткізді", – деді донор Эльвира Сахавитдинова.

Соңғы жылдары Түркістан облысында бауыр ауруына шалдыққандардың саны артқан. Қазірдің өзінде өңірде әлі де 100-ден аса науқас аталған операцияны күтіп жүр. Дәрігерлердің айтуынша, ота жасалған анасы мен қызы алдағы 6 айда толық қалыпты өмірге оралады.

"Жарты бауырын берген донорымыз бөлімшегі ауыстырылды. Жағдайы орташа ауырлықта. Оны орнынан тұрғызып, жүргізіп, іс-қимылға бейімдеп жатырмыз. Екеуінің де жағдайы жақсарып келеді. Дегенмен әлі де бақылауды қажет ететіндіктен, қарқынды емдеу бөлімшесінде бақылап отырмыз", – деді Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдабеков.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салуды ұсынды

Новости партнеров