Қатарында аудан әкімдігінің аппарат басшысынан бастап, қала және аудандық бөлімдердің жетекшілері де бар
Теріс қылығымен танылған. Қызылорда облысында былтыр 108 қызметші мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетсе, оның бесеуі теріс қылық танытқаны үшін босатылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Барлығы басшылық лауазымдағы тұлғалар. Қатарында аудан әкімдігінің аппарат басшысынан бастап, қала және аудандық бөлімдердің жетекшілері де бар. Бірі масаң күйде көлік жүргізіп, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылыққа жол берген делінеді, енді біріне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"Бір қызметкер Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты кеңесте қаралған. Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы қылмыстық іс қозғалуына байланысты босатылды. Сырдария аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы қылмыстық іс қозғалуына байланысты лауазымынан босатылды. Ал Қармақшы ауданы әкімі аппараты, Жалағаш ауданы дене тәрбиесі және спорт, туризм бөлімі басшылары, жалпы 5 адам қызметінен теріс қылығы үшін босатылды", – деді Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев.
Оқи отырыңыз: Аудандық сот әкімдік көлігімен тойға барған - тексеріс басталды