Олар республика тұрғындарына қоңырау шалып, ірі инвестициялық компанияларға ақша салуды ұсынған
Арменияда қазақстандықтарды алдаған трансұлттық қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның құрамында Грузия, Иран, Сирия және Ливан мемлекетінің 40-қа жуық азаматы бар. Олар республика тұрғындарына қоңырау шалып, ірі инвестициялық компанияларға ақша салуды ұсынған. Қазір күдіктілердің ісіне тосқауыл қойылған, сондай-ақ Еревандағы екі call-орталықтың жұмысы тоқтатылған. Мамандар тергеуді жалғастырып жатыр.
"Тінту шаралары барысында 70-тен астам компьютерлік техника, шамамен бір килограмм алтын, 5 автокөлік, 30 мың АҚШ доллары, Ресей рубльдері, грузин лариі және криптовалюта әмияны тәркіленді. Қазіргі уақытта армян тарапы Қазақстан ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп, тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде", – деді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында бес мектеп жұмысын тоқтатты