Жиында ұйымға мүше елдер арасындағы сауда-саттықты дамыту, ынтымақтастықты жақсарту жайы талданды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинәлі Йылдырымның қатысумен көшбасшылық дәріс өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиында ұйымға мүше елдер арасындағы сауда-саттықты дамыту, экономиканы нығайту, ынтымақтастықты жақсарту жайы талданды. Сөз сөйлеген Түркия елінің қоғам қайраткері студенттердің сапалы білім алуы үшін жасалған оңтайлы бастамалар мемлекетке де пайдасын тигізетінін жеткізіп, жастардың тәжірибе жинауына көп көңіл бөлу керек екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ басқосуда жоғары оқу орнының ректоры Жансейіт Түймебаев Бинәлі Йылдырымға «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрметті профессоры» атағын берді.
"Жастар университетте білім алып қана қоймай, кемінде екі тіл меңгеріп шықса, Қазақстанмен шектелмей, әлемде не болып жатқанына назар салып отырса, сол – қуаныш. Жоғары оқу орнында студенттер тәжірибесін жинақтап, өз мемлекетіне қалай үлес қоссам болады деп толғанса, әрекет жасаса, сонда ғана нәтиже болады. Жастар білімге құштар болуы керек", – деді Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинәлі Йылдырым.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында бес мектеп жұмысын тоқтатты