Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер енгізіледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығулары өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шектеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін енгізілді.

"Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұраймыз", - делінген арнайы хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда 21 сәуірде жылу желілеріне екі апталық сынақтар басталады

Новости партнеров