Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Астанада Әл-Фараби көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласында 6 жастағы баланы жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Dongfeng маркілі көлік жүргізушісі Әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен манвер жасап, 6 жастағы велосипед мінген баланы қағып кеткен", - деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінен.
Оқиға салдарынан бала ауруханаға жеткізіліп, онда ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болады