Астанада аулада ойнап жүрген сәбиді көлік қағып, көз жұмды

Қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана маңындағы Қосшыда аулада ойнап жүрген сәбиді көлік қағып кетті. 2 жасқа толмаған қыз оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

1 жас 9 айлық Фатима доптың артынан жүгіріп кеткен үш балаға қарап тұрғанда аула ішінде келе жатқан ақ көлік мыжып өтіп, мерт қылған. Жантүршігерлік жағдай бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Көз жұмған сәби отбасында бес баланың төртіншісі екен.

 «Рөлде жасы 40-тан асқан әйел отырған. Жолда тұрған балаға қарамай, екі жаққа жалтақтап, баласын іздеген ғой. Терезеден көріп, далаға шықтық, – деді  қала түрғыны Зайра Сейдахметова.

Тұрғындардың айтуынша, арнайы көліктерден өзге машиналардың кіруіне және темір тұлпарды қоюға тыйым салатын мына белгілердің аула кіреберісіне орнатылғанына 1 жыл болған. Алайда кейбір жүргізушілер белгілерді елемей, көлікпен кіріп кетеді. Сондай жағдайдың бірі қайғылы оқиғамен аяқталды.

«Машинаны түнде подьездің алдына қоядвы. Белгі тұр, он ешкім елемейді, тіпті арнайы белгіні жқлып тастаған», – деді қала тұрғыны Мақсат Сембаев

Балалардың қауіпсіздігіне алаңдаған тұрғындар көліктерін үйдің артындағы арнайы тұраққа қояды. Олар аулаға кіретін екі жерге де арнайы белгілер іліп, құлып салынатын тросс қойса да, жолын тауып кіріп кететіндермен алысып шаршаған. Айтуларынша, полицияға да осы мәселемен бірнеше рет шағымданған. Алайда еш нәтиже шықпаған.

 «Арнайы белгінің қойылғанына бір жыл болды, бірақ кіріп кетеді. Полиция шақырамыз. Штраф салады, нөмерін шешіп алады. Бірақ оны да елемейді», – деді қала тұрғыны Жанат Қайболлаұлы.

Жантүршігерлік оқиғаға қатысты полиция «абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қосшы қаласындағы жас баланы қағып кеткен көлік құралының жүргізушісі дереу ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалды. Қылмыстық іс тергеу жалғасуда және Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деді Полиция департаментінің аға инспекторы Алмагүл Тұрсымбаева

Естігенді есеңгіреткен жағдайдан кейін көпшіліктен маза кеткен. Өйткені, маңайдағы үш мектепке баратын жолдан жүк көліктері жиі өтетін көрінеді. Жауаптылар сол жерлерге бағдаршам қойса дейді. Айдын күннің аманында аулада жүрген бүлдіршінді қағып кеткенде, зулаған көліктердің оқушыларға зияны тие ме деп қауіптенеді.

Аршат Әділжанқызы, Данияр Омар, Дастан Темірбекұлы, Ақмола облысы

 

Новости партнеров