Құтқару операциясы барысында ешкім зардап шеккен жоқ
Астанада мектеп оқушысы сарышұнақ аязда әйелді үсіп қалудан аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елорданың 56 жастағы тұрғыны пәтерінің балконын реттеуге шығып, баспанасына қайта кіре алмай қамалып қалған. Өз күшімен 15 минуттай есікті ашуға тырысқанымен, еш нәтиже болмаған. Ол аулада ойнап жүрген балалардан көмек сұраған. Оқушылардың бірі 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушыларды шақырған. Төтеншеліктер келгенге дейін, бесінші қабаттың тұрғыны балкон арқылы көршісіне жамылғы ұсынған.
Айта кетейік, құтқару операциясы барысында ешкім зардап шеккен жоқ.
"25 қаңтарда сағат 16:04-те кезекші пультіне шақырту қоңырауы түсті. Біз оқиға орнына 10-15 минутта жеттік. Мен альпинистік құралдардың көмегімен бесінші қабаттағы тұрғынның балконы арқылы төртінші қабатқа түстім. Жұқа киінген әйелді көрдім де бірден есікті ашуға кірістім", – деді қалалық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Тимур Байкенов.
Оқи отырыңыз: Алакөлде былтыр апатқа ұшыраған жеңіл ұшақ тәркіленді