Астанада цех өртеніп жатыр

ТЖМ ресми телеграм каналы
ТЖМ ресми телеграм каналы

Астана уақыты бойынша сағат 14:38-де өрт сөндірушілер өртті оқшаулады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Пушкин көшесі бойындағы цехтан шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Оқиға орнында 45 адам және 9 техника мен ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері жұмыс істеп жатыр.

Астана уақыты бойынша сағат 14:38-де өрт сөндірушілер өртті оқшаулады. 

Нақтыланған мәліметтер бойынша сүзгі өндірісі цехының шатырында өрт шыққан. Өрттің ауданы анықталып жатыр. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көршілес құрылыстарға таралу қаупі жойылды.

 Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

 

Новости партнеров