Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталады

Almaty.tv
Almaty.tv

Қыркүйекте алғашқы сынақ басталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Үкіметтің кеңейтілген отырысында жеңіл рельсті трамвай жобасының қазіргі жай-күйінен ақпар берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Күн сайын қала ішіндегі маршруттарға 1600-ден астам автобус шығады. Екі жыл ішінде астананың қоғамдық көлік паркі 45 пайыз жаңарды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ қыркүйекте алғашқы сынақ басталатынын еске салды.

"LRT жобасы мәреге жетуге жақын. Құрылыс жұмыстары аяқталып жатыр. Биылғы қыркүйекте алғашқы пойыздар келіп, тестік сынақтар басталады", - деді әкім.

Еске салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Астанадағы көлік кептелісі мәселесі өзекті болып тұрғаны туралы айтқан болатын. 

Айта кетейік елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.  

Оқи отырыңыз: Елімізде республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады

Новости партнеров