Атырау облысында қарақұрт шаққан адам мен мал саны көбейген

Tom Sid / Unsplash
Tom Sid / Unsplash

Былтыр қарақұрт шаққан 90 түйе қырылып қалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индер ауданы Көктоғай ауылының тұрғындары аулада қарақұрт көбейіп, адамдар мен малды шағып тастайма деп мазасызданып отырғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Былтыр егін шаруашылында еңбек еткен кәсіпкер осы улы жәндіктің кесірінен бұл жұмысынан бас тартыпты. 

- Күн жылына мамандар қырға барып келген, онда да қарақұрт шыға бастапты. Бірақ ол зиянкеске қарсы әрекет жасау біздің құзырымызға кірмейді. Аса қауіпті ауру болса ғана қанын алып, сараптамаға жіберіп, шара алынады, - дейді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Өмірбек Темірғалиев. 

Облыстық ауыл шаруашылығынан алынған дерекке сүйенсек, Атырау облысы аумағында соңғы үш жылда улы бүйі - қарақұрт (черная вдова) көбейіп кеткен.

«Өткен жылы маусым, шілде айларында облыстың құмды өңірлерінде (Исатай, Индер, Құрманғазы) 485 бас түйені қарақұрт шағып, (жануардың ауру анемнезі, сыртқы клиникалық белгілеріне қарай солай жорамалданды) салдарынан 90 түйе шығын болды. 306 бас түйе симтоматикалық емдеу нәтижесінде сауыққан, 89 басына әлі күнге дейін емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жалпы өлген мал иелері 65 211, 2 мың теңге шығынға ұшыраған», - деп жазады басылым.

Бюджет есебінен жануарлар ауруларының алдын алу, диагностикалық зерттеу жүргізу және шығын болған мал иелеріне өтемақы төлеу тек қана аса қауіпті ауруларға ғана жүргізіледі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы номер7-/559 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" бұйрығында профилактикасы және диагностикасы бюджет қаржысы есебінен жүргізілетін аурулар тізімі белгіленген. Ал жануарлардың улы жәндіктердің шағуы нәтижесінде уланып өлуінің алдын алу, емдеу немесе өтемақы төлеуге бюджет есебінен қаржы қаралмаған. 

- Соған қарамастан аталған табиғат жағдайы жылдан-жылға орын алып, мал иелерінің ескертпесіне орай улы бүйелерден қорғану немесе оларды жоюды бюджет қаржысы есебінен атқарылатын іс-шаралар тізбесіне қосу бойынша шаралар қабылдауды сұрап Ауыл шаруашылығы министріне ұсыныс хат жолдағанбыз. Алайда ол хатымыз қанағаттандырылмады, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Амангелді Саламат.

Ал облыс тұрғындары ауылдық және далалықта қарақұрттың қаптап бара жатқанын айтып жиі дабыл қағады. Мал түгілі, адамдар арасында қарақұрт шағып, бірнеше адам емделіп шыққан. 

Айта кетсек, қарақұрт-улы өрмекші тәрізділер тұқымдасына жатады. Толық жетілген ұрғашы қарақұрттың (10-20 мм) қара, ал жетілмеген ұрғашысы мен аталықтарының (4-7 мм) денесінде қызыл дақтар болады. Көздері күндіз-түні көреді. Ұрғашы қарақұрт ұясын жерге салады, оның айналасына тор тоқып, жәндіктермен қоректенеді. Өрмектен жасалған піләдағы  жұмыртқалары қыстап, көктемде жас қарақұрттар шығып, 6 рет түлеп, маусымда толық жетілген ұрғашы қарақұрттарға айналады. Улы бездері кеуде, бас қуысына орналасып, өзекше арқылы хелицермен жалғасқан. Ақзаттан тұратын у өте күшті нейроттроптық у. Адамдарды қатты уландырып, кейде өлімге дейін жеткізеді. 

Оқи отырыңыз: Жезқазғанда үш жасар сәбиді соққыға жыққан балабақша тәрбиешісі сотты болды

Новости партнеров