Денсаулығы қалыпты адамдарға жұмыртқаны күнде жеуге болады
Көптеген адам қандағы холестерин деңгейін жоғарылатады деген оймен жұмыртқаны сақтықпен жейтіні рас. Дегенмен дәрігерлер қалыпты мөлшерде тұтынған жағдайда бұл өнім денсаулыққа зиян келтірмейтінін айтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ресейлік гастроэнтеролог-дәрігер Владимир Логиновтың айтуынша, зерттеулер денсаулығы қалыпты адамдардың жұмыртқаны күнделікті тұтынуы жүрек-қан тамырлары ауруларын тудырмайтынын және қандағы «жаман» холестерин деңгейін арттырмайтынын дәлелдеген.
«Денсаулығына шағымы жоқ адамдар күн сайын 1-3 жұмыртқадан жеп тұрғаны дұрыс. Егер қандағы холестерин деңгейі көтеріліп кеткен болса немесе адамға қант диабеті диагнозы қойылған болса, күніне бір жұмыртқадан артық жеуге немесе сарыуызын алып тастап жеген дұрыс», - дейді дәрігер.
Спортшылар мен белсенді өмір салтын ұстанатын адамдарға күніне үш-төрт жұмыртқа жеуге кеңес беріледі.
Дәрігер сонымен қатар жұмыртқаның құрамында жоғары сапалы ақуыз, А, Д, Е, В12 дәрумендері, темір, селен, холин, сондай-ақ көздің денсаулығына қажетті лютеин мен зеаксантин бар екенін атап өтті.
Дереккөз: Lenta.ru