Павлодарда оқушылар жеті жастағы баланы соққыға жықты

Бейнежазба әлеуметтік желіде таралды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда бір топ оқушы жеті жастағы баланы аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейнежазба әлеуметтік желіде таралды. Облыстық Полиция департаментің өкілдері оқиғаға қатысы барларды анықтапты. Белгілі болғандай, бұзақылардың кішісі 8-де болса, үлкені 12 жаста екен. Ал зардап шеккен жеткіншектің анасы баласының алдымен тұрғын үйдің кіреберісінде, кейін футбол алаңында соққыға жығылғанын айтты.

«Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген. Балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша олар Павлодар қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданады», – деді Павлодар облысының Полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында көлік қағып кеткен үш жасар бала көз жұмды

Новости партнеров