Атырау облысындағы мұнай-газ компаниясында екі жұмысшы зардап шекті

11.03.2025 18:30

Олар қазір дәрігерлердің бақылауында

Атырау облысында мұнай ұңғымасындағы өртті өшіру кезінде екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін компания өкілдері азаматтардың жарақат алғаны туралы тіс жармаған. Қызметкерлердің жағдайы бүгін ғана мәлім болды. Олар қазір дәрігерлердің бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын өңірдегі ірі мұнай-газ компаниясына қатысты кен алаңында алапат өрт шыққан. Аталған апатқа сорапты-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газдың тарауы себеп болған.

«Жылыой аудандық ауруханасына екі науқас клиникаға жеткізілді. Бір науқасқа қажетті көмек көрсетілді. Екіншісі травматологиялық бөлімшесіне стационарлық ем қабылдауда жатқызылды. Қазір дәрігер бақылауында, ем алып жатыр», – деді травматолог-ортопед Нұрдәулет Хұсанов.

Оқи отырыңыз: Шардара су қоймасы 90 пайыз толды