Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер жеткен
Атырауда ер адам қараусыз қалған ғимараттан өлі табылды. Полиция жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
1 наурызда кешке Сырым Датов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттардың бірінен үй-күйсіз ер адамның мәйіті табылған. Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер жеткен. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
"Ер адам суықтан үсіп өлген болуы мүмкін, бірақ соңғы қорытындыны сот-медициналық сараптама жасайды", - деп жазылған мәліметте.
Полицейлер марқұм кім екені анықталғанын, оның 1987 жылы туған ер адам екенін хабарлады. Денеден жарақаттар табылмаған.
Оқи отырыңыз: Теміржолды кесіп өтпек болған ер адамды пойыз басып кетті