Науқан 28 ақпанға дейін жалғасады
Атырауда төрт күнде 900-ден аса жүргізуші жауапқа тартылған. Сақшылар заң бұзған азаматтарды «Қауіпсіз жол» рейдтік шарасын жүргізу кезінде анықтапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көбі жылдамдықты шамадан тыс асырған, сонымен қоса жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Соңғы кездері облыста жол-көлік оқиғалары күрт көбейді деген тәртіп сақшылары осындай шаралар арқылы тәртіпсіздіктің алдын аламыз деп отыр.
Айта кетейік, науқан 28 ақпанға дейін жалғасады.
«Қазіргі уақытта қала аумағында патрульдік полициясының қызметкерлерімен күшейтілген түрде патрульдік нарядтардың тығыздылығы артып, көшелермен қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында қызмет атқарып жатырмыз», - деді полиция басқармасы полиция батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары Өсер Жәңгірхан.
Оқи отырыңыз: "Кеңгір" су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды