23 сәуір — Ұлттық кітап күні
Мемлекет басшысы белгілеген Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Балалар көзқарасы» челленджіне 1 миллионнан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Челлендж кітаптың маңызын ұғынуға арналған ауқымды алаңға айналды — оқушылар оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісіп, әдеби кейіпкерлердің бейнелерін талқылады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2023 жылдан бастап елімізде «Балалар кітапханасы» жобасы іске асырылып жатыр.
Жоба аясында мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты.
Оқи отырыңыз: Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады — Президент