"Баспана әперуге көмектесемін": Полицейлер алаяқ әйел ұстады

Jakub Żerdzicki//unsplash.com/
Jakub Żerdzicki//unsplash.com/

Нәтижесінде, ол жәбірленушілердің жалпы сомасы шамамен 15 миллион теңгені құрайтын қаражатын заңсыз иемденген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында алаяқ ұсталды,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Есіл ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 34 жастағы әйелді ұстады.

Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, күдікті бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, оларға тұрғын үй алуға көмектесемін деген сылтаумен алдаған. Ол өзінің жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін таныстары бар екенін айтып, жалған құжаттар ұсынған. Нәтижесінде, ол жәбірленушілердің жалпы сомасы шамамен 15 миллион теңгені құрайтын қаражатын заңсыз иемденген.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша (Ірі көлемдегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, осындай үш қылмыс эпизоды анықталды. Әйелдің бұрын сотталғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Абай облысында рұқсатсыз құм сатқан екі кәсіпкер 150 млн теңге табыс тапқан

 

Новости партнеров