Бибігүл Төлегенова опера әншісіне шапан жауып, ақ батасын берді

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында жариялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ эстрадасының бұлбұлы Бибігүл Төлегенова танымал опера әншісі Зарина Алтынбаеваға шапан жауып, ақ батасын берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Опера әншісі Instagram желісіндегі парақшасында Бибігүл Төлегенованың оған бата беріп жатқан сәтінен видеоны бөліскен.

Зарина Алтынбаева аңыз әншіге сыйлығы үшін алғыс айтып, ақ батасы берік қамал алар күш сыйлағанын жазған.

"Жаңбырмен жер көгерер, Батамен ел көгерер" дейді дана халқымыз! Қымбатты да аяулы Бибігул апа, Сіз сияқты ғасыр адамынан осындай сыйлық алу мен үшін өте үлкен мәртебе! Халқыңызға, өнеріңізге, маған деген ыстық ілтипат пен сеніміңізді абыроймен ақтауға тырысамын. Сіздің шарапатыңыз бен қолдауыңыз қанат бітіріп, берік қамал алатын күш сыйлады. Алғысым шексіз!", - деп жазды әнші желі парақшасында.

Видеоны көрген желі қолданушылары Зарина Алтынбаеваға батаның қабыл болуын тілеп, мұндай бата алу зор мәртебе екенін жазып жатыр.

"Мұндай бата алу — үлкен мәртебе! Қымбатты Зарина, сізге шығармашылық табыстар тілеймін", "Әумин, не деген керемет", "Бибігүл апаның берген батасы қабыл болсын!", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін Бибігүл Төлегенова 95 жас мерейтойын өткізгенін жазған едік. Сондай-ақ Зарина Алтынбаева желі парақшасында қазақтың ұлттық киімін киген суреттерін бөлісіп, көпшіліктің ықыласына бөленгенін жазған болатынбыз.  

Оқи отырыңыз: Дулат ағамызбен бірге бір дәуір көшкендей: Аида Балаева жазушының қазасы туралы

Новости партнеров