Ол қала тұрғынын жұмысқа орналастырамын деп ірі көлемде ақша сұраған
Қызылордада білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алдын ала дерек бойынша, ол қала тұрғынын жұмысқа орналастырамын деп ірі көлемде ақша сұраған. Облыс прокуроры қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын айтты. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.
«Қылмыстық іс бойынша қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалуда. Бас шарасы ретінде үйқамақ қолданылған. Факт бойынша жұмысқа орналастырамын деп 1 миллион теңге пара алу күдікпен іс тіркелген», – деді Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров.
Оқи отырыңыз: Он үш күн ессіз жатты: көршісін өлермен күйге түсіріп, анасының алдына тастап кеткен