Бір кенші жансақтау бөлімінде жатыр: "Болашақ" шахтасындағы оқиғадан соң қылмыстық іс қозғалды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Шахтада жұмыс істеп жатқан 228 жұмысшының бәрі жерастынан жоғары шығарылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Болашақ» шахтасындағы төтенше оқиғадан соң полиция қылмыстық іс қозғады. Ал дәрігерлер кеншілердің бірі жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Хромтау ауданындағы оқиғадан соң полиция тергеуді бастап кетті. 

- «Қазхром ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатында сутегі шашылып, салдарынан термиялық күйікпен 4 адам ауруханаға жеткізілді. Полиция тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді, - деді Асауп Бауыржан ПД Тергеу басқармасының бастығы.

Қазір зардап шеккен кеншілер Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.

- Ауруханаға 4 жұмысшы жеткізілді. Олардың екеуі травматология бөлімінде жатыр. Ал біреуі үйіне жіберілді. Тағы бір жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр,- деді Хромтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Людмила Волненко.

Белгілі болғандай, «Болашақ» шахтасында жұмыс істеп жатқан 228 жұмысшының бәрі жерастынан жоғары шығарылды. Қазіргі кезде облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел желіні іске қосты.

Оқи отырыңыз: Хромтаудағы шахтада 4 кеншіні күйік шалып, ауруханаға жеткізілді

Новости партнеров