Бір өңірде мектеп әкімшілігі шатыр жөндеуге 78 млн теңге жұмсамақ болған

Sasun Bughdaryan/unsplash.com/
Sasun Bughdaryan/unsplash.com/

Алайда қала прокуратурасы мектеп бір жарым жыл бұрын ғана пайдалануға берілгенін және кепілдік қызметінде тұрғанын анықтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында прокуратура 78 млн теңге сомасындағы мемлекет қаражаты заңсыз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қаланың білім беру мекемесі 78 млн теңге сомасына бюджет қаражаты есебінен шатыр жөндеуді жоспарлаған.

Алайда қала прокуратурасы мектеп бір жарым жыл бұрын ғана пайдалануға берілгенін және кепілдік қызметінде тұрғанын анықтады.

"Барлық жөндеу жұмысы мердігер есебінен жүргізілуге тиіс. Прокуратура енгізген қадағалау актінің нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алудың күші жойылды, кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапқа тартылды, ал тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды", - деп жазылған хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Еріген қар суының салдарынан екі облыста жол жабылды

Новости партнеров