Наурыз көже дайындауда нені ескерген жөн

Almaty.tv
Almaty.tv

Бұл асты халық арасында  «тілеу көже», «көп көже» деп те атайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы дәстүрлі наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әр үйде қазан оттан түспей, сорпа сапырылады, наурыз көже дайындалады. Халық арасында оны «тілеу көже», «көп көже» деп те атайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Гүлстан Молдақасымова – 10 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты батыр ана. Балаларын байлығына теңеп, ұрпақ сабақтастығын жалғап, жас келіндерге өнеге көрсетіп отырған ақ жаулықты әже 85 жаста. Жыл сайын осы күндері бала, немере, шөбере мен шөпшек жиналып, әжейдің ерекше әдіспен дайындайтын Наурыз көжесін күтеді.

«Ел тойсын, ақ мол болсын! «Жаңа жылда қазан толы болса, жыл бойы қарнымыз тоқ болады» деп бәрі жиналып, қазан асқан. Көжеге жүгері, бидай, тары сияқты 7 түрлі  дән қосады», –  деді қала тұрғыны Гүлстан Молдақасымова.

 «Жылда осы үйге жиналамыз. Дәстүр бойынша апамның наурыз көжесін ішеміз, ол кісінің дайындау әдісі ерекше», – деді Г. Молдақасымованың келіні Қарлығаш Байсалбекова.

«Ырысың ортаймасын» деп бұл тілеу көжені толтырып құйып береді. Мерекенің ең төресі һәм көнесі Наурыздың мәнін ашып, мағынасын келтіретін де маңызды ас – осы.

Гүлмарал Изатқызы, Сағынғали Мұңайтпасов

Оқи отырыңыз: Алматы - Наурыз құшағында: Алмалы ауданында концерт өтті

 

Новости партнеров