Сағат 18:00-де Juldyzdy Almaty кешкі фестивалі өтеді
Алмалы ауданының көрікті орындарының бірі – Астана алаңында таңнан бері негізгі мерекелік бағдарлама жүріп жатыр. Алаңда «Алматы - Наурыз құшағында» атауымен концерт те өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онда «Дос-Мұқасан» ансамблінен бастап, Жанар Айжанова, Өмірқұл Айниязов сынды белді, беделді сахна саңлақтары өнер көрсетті.
Қолөнер шеберлерінің көрмесі де ұйымдастырылған. Ал қазір «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері есті әндерді, тарихи шығармаларды орындап, көпшіліктің көңілін көтеріп жатыр.
Сағат 18:00-де Juldyzdy Almaty кешкі фестивалі өтеді. Фестиваль Алматының әр ауданында жалғасады. Біз жүрген Алмалыдағы Дүйсенов көшесінің бойындағы алаңда киіз үй мен алтыбақан орнатылған.
Оқи отырыңыз: Наурыз мейрамының ең басты идеясы – тазалық