Ұлттық киім: Гиннес рекордын орнатуды көздеген маңғыстаулықтардың дайындығы қалай

Almaty.tv
Almaty.tv

Бұл жоба – ұлттық мәдениетті жаһандық деңгейде дәріптеудің маңызды қадамы болып есептелмек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғаз Маңғыстау бүгін мүлгіп, тыныш жатыр. Тек негізгі алаңдарда дайындық қызу. Өңірде Наурызды қарсы алу ертең өткізілмек. Қазір мұнда киіз үйлерді тігу, көрмеге орын дайындау, қонақтарды күтіп алу, тағы да сол сияқты той тойлайтын көпшілікке алаңда ыңғайлы жағдай болу үшін жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv

Орталықта 30-ға жуық киіз үй тігіледі деп жоспарланған. Каспий жағасында, орталық алаңда 40, 50, тіпті 60 жыл бойы күтімі күшті, бабы жақсы киіз үйлер көп.

Ертең 5 мың маңғыстаулық ұлттық киіммен Гиннес рекордын орнатуды көздеп отыр. Оларға артылған жүк жеңіл емес. Барлығына қойылған талап бір. Рекордтты орнату санақ бойынша өткізіледі. Санақ барысында қатысушылар орнынан қозғалмауы қажет. Себебі оларды жоғарыдан фотоға түсіреді. Ал Гиннесс рекордтар штаб квартирасының іс-шараға қатысты талаптары толықтай орындалса, сол жерде елімізге рекорд туралы сертификат табысталады.

Бұл жоба – ұлттық мәдениетті жаһандық деңгейде дәріптеудің маңызды қадамы болып есептеледі. Осылайша, Қазақстан тағы бір мәрте әлем назарын өзіне аудартпақ.

Шаһарда әр түрлі шығармашылық ұжымдардың және ҚР-ның эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Наурыз мейрамын тойлау Маңғыстауда 13 наурыздан басталды. Көпшілік Отпан таудың басында бір-бірімен қауышып, ду-думан той жасап, бірлік отын жақты.

Мейрамда аламан бәйге, тазы жүгірту, қыз қуу сияқты ұлттық спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз: Наурыз көже дайындауда нені ескерген жөн

 

Новости партнеров