Біреуі - бала: Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

20.04.2025 09:51

Қайғылы жол апаты 19 сәуірде Баянауыл ауданында болған

polisia.kz

Павлодар облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол апаты 19 сәуірде Баянауыл ауданы Бірлік ауылының маңында болған.

«Қалқаман – Керней автожолының 250-шақырымында Pontiac және Lada Granta автомобильдері соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да, оның ішінде жас бала да сол жерде қайтыс болды. Әртүрлі жарақаты бар тағы бір кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттың себебі автомобильдердің бірінің қарсы қозғалыс жолағына шығып кетуі болған.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда»,- делінген ПД хабарламасында.  

Павлодар облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жол қателіктерді кешірмейді.

Оқи отырыңыз: Ақмоладағы автобус апаты: Футбол федерациясы қаза болған бапкердің отбасына көңіл айтты