Бірыңғай уақыт белдеуінің өзгеруі халық өміріне теріс әсер еткен жоқ - Арман Шаққалиев

Үкіметте Сауда және интеграция министрі арнайы зерттеу нәтижесін жариялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірыңғай уақыт белдеуінің өзгеруі халық өміріне теріс әсер еткен жоқ. Бүгін Үкіметте Сауда және интеграция министрі арнайы зерттеу нәтижесін жариялап, осындай тұжырым айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арман Шаққалиевтің дерегінше, жұмыс барысында сауалнамалар жүргізіліп, бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқанға дейінгі және ауысқаннан кейінгі көрсеткіштер салыстырылған. Өзгерістің халық денсаулығына, энергия тұтынуға, оқушылардың үлгеріміне, қылмысқа және басқа да аспектілерге әсерін бағалау үшін 40-тан астам метрика мен мәлімет қамтылған.

«Нақты деректерге негізделген нәтижелер уақыт белдеуінің өзгеруі халық өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері болмағанын айқындайды. Бүгінгі таңда, Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында Катонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самара, Күршім тұрғындар тарапынан қолдау тауып, жұмыс кестесі 20:00 – 17:30-ға дейін өзгертілді», – деді ҚР Cауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Алматы-біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында «Таза саябақтар мен скверлер» апталығы басталды

Новости партнеров