Жаңару айы: Рамазанда қалай жаңа әдет қалыптастыруға болады

сгенерировано ИИ
сгенерировано ИИ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғалымдар кез келген жаңа әдетті қалыптастыру үшін 21-30 күн қажет екенін айтқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Рамазан – рухани тазару айы. Бұл айда тек ораза ұстау ғана емес, сондай-ақ жан-дүниені реттеп, жаңа әдет қалыптастыруға болады.  Жаңару – адамның өз-өзімен жұмыс істеуін талап ететін үздіксіз процесс.

Рамазан неге жаңа әдет қалыптастыруға ыңғайлы кезең?

Америкалық пластикалық хирург  Максвелл Мольц жаңа әдет қалыптастыру үшін 21-30 күн қажет екенін айтқан. Ол 1960 жылы шыққан "Psycho-Cybernetics" кітабында адамның жаңа әдетке немесе өмірлік өзгерістерге бейімделуі үшін кем дегенде 21 күн қажет екенін жазған. Ал Рамазан айы бір айға созылады.

Бұл – бұрынғы әдеттерден арылып, жаңасын қалыптастыру үшін таптырмас мүмкіндік. Сондай-ақ ораза ұстаған адамның өзін-өзі бақылауы басым болады.

Сонымен қандай әдеттерді қалыптастыруға болады?

Күнделікті дұға ету, Құран оқу, кешіру арқылы рухани әдет қалыптасады.

Ал дұрыс тамақтану, суды жеткілікті мөлшерде ішу, физикалық белсенділікті арттыру – денсаулыққа пайдалы.

Адам тек жақсылықты ойлау арқылы өзін дамыта алады.

Мұқтаж жандарға көмектесе отырып, қайырымдылыққа жаныңыз жақын болады.

Жоғарыда атап өткен әдетті бойыңызда қалай тұрақты қалыптастыруға  болады?

1. Ниет, әдет қалыптастырудың басты шарты – шынайы ниет.

2. Әр күннің соңында жасаған ісіңізді жазып, жетістіктеріңізді бақылаңыз.

3. Уақытты босқа өткізетін әдеттерден бас тартып, пайдалы іске көңіл бөліңіз.

4. Бір күн жіберіп алсаңыз, келесі күні жалғастыруды ұмытпаңыз.

Оқи отырыңыз: Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды

 

 

 

Новости партнеров