Орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

nbcnews.com
nbcnews.com

Шамамен 135 тұрғын округтік демалыс орталығы мен шіркеуді паналады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік Каролина губернаторы құрғақ күн райы мен екпінді жел салдарынан болған 175-тен астам өрт оқиғасы байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оңтүстік Каролина штаты орман шаруашылығының есебіне сәйкес, Орри округіндегі өрт жексенбіде 1600 акр (647 га) жерді шарпыған, бұл сегіз аймақтың тұрғындарын эвакуациялауға мәжбүр етті.

Штат бойынша, соның ішінде Спартанберг, Юнион, Оконе және Пиккенс округтерінде 4200 акр (1699 га) жерді өртеніп кеткен. 

Өртті сөндіруге Оңтүстік Каролина орман шаруашылығының шамамен 410 қызметкері, кем дегенде 128 өрт сөндіру көлігі, сондай-ақ Оңтүстік Каролина ұлттық гвардиясының әскері және екі «Blackhawk» тікұшағы жұмылдырылған. 

Штаттағы Қызыл Крест ұйымының хабарлауынша, шамамен 135 тұрғын округтік демалыс орталығы мен шіркеуді паналады. 

АҚШ-тың Климатты болжау орталығының мәліметінше, штаттағы жағдай ерте көктемге дейін сақталатын құрғақшылықтан қиын болып отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бес күнде 700-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі жазаланды

Новости партнеров