Биыл қанша су маманы біліктілігін арттырады

Jimmy Chang/ unsplash.com/
Jimmy Chang/ unsplash.com/

Былтыр 500-ден астам сушы маман біліктілік арттыру курстарынан өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқу курстарынан өтетін мамандардың 105-і Қытайда тәжірибе алмасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің мәлім етуінше сала ведомоствосы биыл қытайлық Power China компаниясымен отандық мамандарды ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келген. Курстар әр тоқсан сайын өтіп, оған жалпы саны 105 маман қатысады.

Еске салайық, былтыр 500-ден астам сушы маман біліктілік арттыру курстарынан өтті. Бұл бастапқы жоспардан 12%-ға артық.

Сала министрлігіне қарасты Ғылым және инновация департаментінің Су шаруашылығындағы адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы Дидар Жәнібекұлының айтуынша мамандарды даярлау және қайта даярлау – еліміздің су саласын жаңғыртудың маңызды бағыты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Тараз қаласында Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды, онда 200-ге жуық студент оқиды. Біздің министрлік су саласы үшін кәсіби стандарттарды әзірлейтін кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрды. Оның негізінде отандық жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын өзектендіретін болады», - деді ол.

Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер есебінен Жетісуда жаңа мектеп салынады

Новости партнеров