Құрылтайшылар тізімінде 10 адам көрсетілгенімен, сараптама нәтижесінде 9 адамның қолын Перизат Қайраттың өзі қойғаны анықталды
Күдікті Перизат Қайратқа қатысты жаңа дерек. Сот оның басқаруындағы «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы үкім шығарды, деп хбарлайды Almaty.tv.
Тергеу материалдарына сәйкес, ұйым 2021 жылы 11 қазанда тіркелген. Құрылтайшылар тізімінде 10 адам көрсетілгенімен, сараптама нәтижесінде 9 адамның қолын Перизат Қайраттың өзі қойғаны анықталды. Азаматтық кодекске және Жоғарғы соттың қаулыларына сәйкес, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда мұндай ұйымның қызметі тоқтатылуы тиіс. Осыған байланысты сот қоғамдық бірлестікті тарату туралы шешім қабылдады. Алайда үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Шерзат Полаттың ісі осы аптада сотқа жіберіледі