ТЖМ құтқарушылары дронмен көмегімен Теректі ауданы Рыбцех ауылының маңынан тапты
Батыс Қазақстан облысында 43 жастағы әйел 10 жасар ұлымен бірге жеңіл көлікпен шығып, адасып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
ТЖМ құтқарушылары 3 ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы ана мен оның баласын тапты. 1982 жылы туған әйел 2015 жылы туған ұлымен бірге БҚО Теректі ауданы Сарыөмір ауылынан Дуан ауылына қарай жеңіл автокөлікпен шығып, бағдарынан айырылып, құтқарушылардан көмек сұрады.
Іздеу жұмыстары тәуліктің қараңғы уақытымен және өтініш берушімен кенеттен жоғалып кеткен байланыстың себебінен қиындады. Жұмысты жеделдету мақсатында ТЖМ қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ 3 ұшқышсыз ұшу аппараты іздеуге тартылды.
Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде бала мен оның анасы Теректі ауданы Рыбцех ауылының маңында ақаулы көліктен табылды. Жоғалғандар медициналық көмекке мұқтаж болмай, елдімекенге жеткізілді.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы Халықтар достығы саябағына ағаш отырғызылды