Бойжеткен бейтаныс ұсынған тәттіден дәм татып, уланып қалды

24.02.2025 21:29

Ауруханада оған белгісіз заттан улану диагнозы қойылды

Almaty.tv

Алтай өлкесіндегі елдімекендердің біріндегі азық-түлік дүкенінде бәз біреу 23 жастағы бойжеткенге кәмпит ұсынған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Қыз ұсынылған тәттіден дәм татып, ауруханадан бір-ақ шықты. Тәттіден жағдайы нашарлаған қыздың уланғаны белгілі болды. 

Ауруханада оған белгісіз заттан улану диагнозы қойылды. Әзірге қыздың жағдайы туралы ақпарат берілмеді.

Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік автобус апаты: Астанада көлік жүргізуші мен 3 жолаушыға ота жасалды