Сапасыз жол: Түркістан облысында жол құрылысына жауапты компанияларға айыппұл салынды

29.01.2025 15:49

12 жол құрылысын бақылаған техникалық қадағалаушының 6 айға аттестаты тоқтатылды

Түркістан облысында жол құрылысына жауапты компанияларға 20 млн теңге айыппұл салынды. Ұлттық сапа орталығы 42 облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды тексерген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салынып жатқан жолдардан 2 мыңнан астам сынама алынған. Нәтижесінде 152 кемшілік анықталған. Мамандар Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына хат жолдаған. Соған сәйкес, мердігерлер мен техникалық қадағалаушылардың әрқайсына 9 жарым млн теңгеден айыппұл салды. Ал 12 жол құрылысын бақылаған техникалық қадағалаушының 6 айға аттестаты тоқтатылды.

"Сондай-ақ сапасыз орындалған жұмыстардың асфальт бетон қоспасын басынан салу жұмыстары орындалды. Оның жалпы құны 30 млн теңгеден асады. 5200-ден астам шаршы метр асфальт жабындысы төселді", – деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ғалымжан Өтенбаев.

Оқи отырыңыз: Заңсыз өнім: Шымкентте алкоголь өнімін саудалаған ерлі-зайыпты қолға түсті