Бұрынғы шенеунік 91 миллион теңге жымқырды деп айыпталды

Noman Khan/unsplash.com/
Noman Khan/unsplash.com/

Қылмыстық іс сотқа жолданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлытау облысында экс-шенеунік ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыпталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлытау облысы прокуратурасы қоныс аудару бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша Сәтбаев қаласы әкімдігінің ТҚШ бұрынғы басшысы мен басқа да тұлғаларға қатысты соталды тергеуді аяқтады.

"Олар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, іс жүзінде жоқ ғимаратты мемлекеттік мұқтаждық үшін сатып алу арқылы 91 млн теңгеден аса қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деп айыпталып отыр", - деп жазылған хабарлмада.

Тергеу барысында күдіктілерге қатысты әртүрлі бұлтартпау шаралары қолданылып, олардың мүліктеріне тыйым салынған.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жолда көкпар ойнаған азамат жазаланды

Новости партнеров