Ал жыл басынан бері өңірде 4 жазатайым оқиға болған
Ақтөбе облысында кәсіпорындарда болған жазатайым оқиғалар салдарынан 12 адам көз жұмып, 72 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Қуаныш Қамиевтің айтуынша, биыл жыл басынан бері өңірде 4 жазатайым оқиға болған. Салдарынан 4 адам жарақат алған.
Атап айтсақ, екі оқиға - Дөң тау-кен байыту комбинатында, біреуі - "СНПС-АқтөбеМұнайГаз" АҚ-ның "АқтөбеЭнергоНефть" басқармасында, бір оқиға "ЮжПромСнаб" ЖШС-ында болған.
- Былтыр Ақтөбе облысындағы кәсіпорындарда 68 жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан 72 адам жарақаттанып, 12 жұмысшы көз жұмды. Оның ішінде 4 топтық оқиға кезінде 8 адам жарақат алды. Жалпы, өткен жылы тіркелген оқиғалардың 20 пайызы тау-кен өндірісі саласында болып отыр. Сондай-ақ жазатайым оқиғалар темір жол саласында да азаяр емес, - дейді ол.
Қуаныш Қамиев өңірде тіркелген жазатайым оқиғаларының дені жол-көлік оқиғаларының салдарынан болғанын, сондай-ақ жұмысшылардың жауапсыздығы мен қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан екенін жеткізді.
- 2024 жылы біз жұмысшылардың көз жұмуы немесе жарақат алуына байланысты құқық қорғау органдарына 70 материал жолдадық. Ал биыл бір айда 10 материал тіркеліп отыр. Мысалы, "Ембі Жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында болған жазатайым оқиғадан 4 адам жарақат алып, соның ішінде екі адам қаза тапты. Бұл іске қатысты кәсіпорынның шебері кінәлі деп танылды,- дейді ол.
Сондай-ақ былтыр "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ филиалы - Ақтөбе қорғаныш орман екпелері дистанциясы зардап шеккен жұмысшының отбасыға 34 млн теңге қаржылай қолдау көрсеткен.
Оқи отырыңыз: ҚМА Перизат Қайрат ісіндегі жаңа деректерді жария етті