Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

08.02.2025 12:58

Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Видеодан кадр

Алматы-Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол апаты 8 ақпанда Алматы-Өскемен тасжолының 271-шақырымында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі рөльге ие бола алмай жолдың ортасында тұрған ағашқа соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты, тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - делінеген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілі жатыр.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.

Оқи отырыңыз: Өткен айда есірткі сатумен айналысатын мыңнан астам сайт бұғатталды - ІІМ