2024 жылы полиция 38 қылмыстық және 633 әкімшілік іс тіркеген
2026 жылы дәрілік препараттардың саудасына қатысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін. Енді дәрі-дәрмекті рецептінсіз сатқандар қылмысқа тартылып, тіпті аптеканың жабылуы да ықтимал, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Дәріханалық есірткі бизнесі еркін саудаға айналған ба? Дәл қазір біз оны тексеріп көреміз. Эксперимент жасап, әрбір дәріханаға кіріп, психотроптық заттар және рецептінсіз жіберілмейтін препараттарды сұраймыз. Негізі бірі мұндай препараттарды көлеңкелі базарлардан алса, кейбірі қарапайым дәріханаға кіріп, арнайы рецептсіз ақ алатын көрінеді. Байқап көрейік
Біз бас сұққан жетінші дәріхана іздеген препаратты рецептінсіз сатты. Қалғаны тек дәрігердің рұқсатымен ғана берілетінін айтты. Бұл дәрілердің дені опиоидты препараттар тобына кіреді. Яғни оған тәуелді адам психологиялық қысымнан бөлек ағзаға кері әсер ететін заттарды қолданады. Ал тұтынуды тоқтатқан кезде абстиненттік синдром пайда болады.
"Шыны керек, 5-6 жыл бұрын трамадолды ішіп жүрдім. Бірінші уақытта бәрі жақсы болған, кейін ауыратын болдым. Қалада дәріханалардан сатып алдым", – деді қала тұрғыны Арман.
"Бұл нашақорлықтың түрі өте қауіпті, өйткені көбіне қолжетімді. Препараттарды қолданып көрген соң тоқтау қиын. Адам психо-физикалық деңгейді ауыртпалыққа тап болады. Тәуелділіктен құтылу үшін бірнеше деңгейде емделу керек", – деді оңалу орталығының жетекшісі Руслан Латифуллин.
2024 жылы полиция 38 қылмыстық және 633 әкімшілік іс тіркеген. Оның 46-сы фармацевтикалық қызметке, 260-сы препарат айналымына қатысты. Ал заңсыз дәрі-дәрмек сатқан 500-ден аса лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылса, олардың арасында 226 медицина қызметкері бар.
"Тропикамид, сомнол, димедрол секілді дәрілік заттарды рецептінсіз босату үшін 6 млн 202 мың 560 теңге сомасына 14 әкімшілік хаттама жасалды. Сондай-ақ трамадол дәрілік заты 2023 жылғы 20 наурыздан бастап медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылаудағы психотроптық заттар тізіміне енгізілгенін хабарлаймыз"– деді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің бөлім басшысы Сәуле Бәкитова.
Келесі жылы дәрілік препараттардың саудасына қатысты елімізде жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін. Тіпті дәрі-дәрмекті рецептінсіз сатқандар қылмыстық жауапкершілік арқаламақ. Одан бөлек аптеканы түбегейлі жабу да қарастырылып отыр.
Әйкерім Пернебек, Ғани Қалуов
Оқи отырыңыз: Ақтауда бір азаматты өлтірген күдікті өз-өзіне қол салған