Дәрігерлер "Алматы Аренадағы" өрттен зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты

Almaty.tv
Almaty.tv

Балалар ауруханада толық ем қабылдап жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дәрігерлер Алматы қаласындағы жабық мұз айдынының кіші залынан шыққан өрттен құтқарылған балалардың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, балалар ем қабылдап жатыр.

"Қаңтардың 25-інде сағат 16:39-да Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы токсикология бөлімшесінің қабылдау бөліміне «көмірқышқыл газымен жіті улану» диагнозымен 5, 8 және 11 жастағы үш бала түсті. Балалар ата-анасымен БШМКО-ға жеткізілді.

Пациенттер ауруханада толық ем қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ балалардың жағдайы тұрақты екені айтылды.

Еске салайық, 2025 жылдың 25 қаңтарында 15.16 минутта Алматы қаласының гарнизонына үшінші жоғарғы ранг бойынша "Алматы Аренаға" шыққан болатын. Шақырту орнынан 40 шаршы метр алаңнан ойын батуттарының жанып жатқаны анықталды. Ғимараттан 400 адам эвакуацияланды.

Сонымен қатар өрт сөндірушілер көмегімен 4 бала құтқарылды.

 Өртке балалардың отпен ойнауы себеп болуы мүмкін деген нұсқа айтылды.

Новости партнеров